РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: 2537 отбасының тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда

Шымкент қаласы бойынша 2024 жылы 2537 отбасының тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды асыраушы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады.

Төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. 2023 жылы тексеру жұмыстарының нәтижесінде 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.

Өткен жылы  Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік бағдарлама аясында:

— сатып алу құқығынсыз арендалық 1687 пәтер беру жоспарланып, оның ішінде 1407-і пәтер табысталды. Оның ішінде: жұмысшы жастарға -888 пәтер, жетім балалар – 122, көпбалалы отбасылар – 131, әлеуметтік осал топ – 160, мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер-106 берілді. Қалған 280 пәтер 2024 жылға өтпелі (оның 157 пәтері қоныстандырылды, 123 пәтері алдағы уақытта қоныстандырылады).

— несиелік бағытта (2-10-20, 5-10-20, 5-20-25)  1514-і Отбасы банк арқылы несиелік негізде қоныстандырылды.

Бұдан бөлек 150 отбасы «Қамқор» өңірлік бағдарламасы арқылы өз баспанасын алу үшін несиелендірілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына аясында, жергілікті бюджет есебінен қайтарымды қаржы негізінде  16 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл функция қала әкімдігінің 06.03.2024 жылғы №923 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының құрылыс басқармасына берілді.

Сонымен қатар, 2023 жылы тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі 21 коммуналдық меншіктегі үй мен 3 жедел сатыны ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді.