Абай ауданы: 2024 жылдың соңына дейінгі жоспар
Шымкент қаласы Абай ауданында 2024 жылдың соңына дейінгі атқарылатын жоспарлар әзірленді. Аталған жоспарларға сәйкес төмендегідей бюджеттік өтінімдер берілді.
Жалпы Абай ауданы әкімі аппаратына қаралған қаржы көлемі 3 887,6 млн.теңге. Оның ішінде: мекемені күтіп ұстау шығыстары, мерекелік іс-шаралар, елді мекендерді абаттандыру, балалар алаңшасын салу, ашық спорт алаңшасын салу, гүлзар салу, қоқыс алаңшасын орнату, аяқжол салу, мерекелік безендіру, көшелерді жарықтандыруға, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларына, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысына қаржылар қаралған.
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 22 жоба оның ішінде, 20 балалар алаңшасы және 2 спрот алаңшасы салу жоспарланған. Жалпы қаралған қаржы – 531,0 млн.тг.
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 1 гүлзар салу жоспарланды. Атап айтқанда Жиделі шағын ауданына. Жоба құны – 76,1 млнт.
Сонымен қатар, 15 мың шаршы метрге 22 көшеге, 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, аудан аумағына, 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 200 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг, аудан аумағында мерекелік безендіруге 130,0 млнт.тг, 9 нысанға ирригациялық жүйелер орнатуға – 443,7 млн.тг. қаралып, жыл ішінде тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Айта кетейік, жалпы Абай ауданы аумағында 27 елді мекен бар. Бүгінгі таңда ауыз сумен — 100%, электр жарығымен — 100% қамтылған. Табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған, ол 85,2% құрайды. Сондай-ақ, 7 елді мекен кәріз жүйесімен қамтылған. 2025 жылы 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі. Сондай-ақ ауданда аз қамтылған отбасыларға, мүгедек күтуші, қолайсыз отбасыларға, тыл ардагерлеріне, пробация есебінде тұрған азаматтарға, жеке қабылдауға келген азаматтарға білдірушілерге демеушілер есебінен 400-ден астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек берілді.
