2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі
Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар. Бүгінгі таңда ауыз сумен — 100%, электр жарығымен — 100% қамтылған. Табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған, ол 85,2% құрайды. Сондай-ақ, 7 елді мекен кәріз жүйесімен қамтылған.
Шымкент қаласы Абай ауданындағы 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған.
2023 жылы 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
- Достық шағын ауданының ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталды.
- Асар-2 шағын ауданыныда құрылыс жұмыстары басталып, сот шешіміне сәйкес тоқталыған.
- Бозарық шағын ауданындағы 74 га көп қабатты тұрғын үйлер аумағына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды.
- Ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын Шымсити-Төлеметов колектор құрылысы жүргізілуде. Ол 2024 жылға өтпелі.
- Ұзындығы 20,5 шақырымды құрайтын Тұран-А-2 тас жолы колекторының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ол 2024 жылға өтпелі.
2025 жылға 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда: Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ.
Нәтижесінде 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі.
Табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2% құрайды. Қамтылмаған елді мекендер саны – 4, ол 14,8% құрап отыр. Бүгінгі таңда 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ тұрғын алабы-70%, Қайнарбұлақ саяжайы-50%, Ынтымақ-2 шағын ауданы — 56% құрылысы аяқталған. Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Құрылыс жұмыстары 2025жж. Жоспарланған.
Аудан аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды, атап айтқанда: асфальт жол — 573 шақырым (48,5%); тас жол – 450,2 шақырым (25,7%); топырақ жолдар –57 шақырым (2,8%) .
Асфалт мәселесіне келсек, 2023 жылы 3,1 млрд.тг 57 көшеге 68,2 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 4,3 млрд.тг 74 көшеге 60,1 шқ асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
