Өңіріміздегі 6 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды
Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 2 128 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Сондай-ақ, қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген.
Өңіріміздегі 6 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.
Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына есептік кезеңде 769 арыз-шағымдары келіп түсіп, оның 656 өтініші қаралды. Нәтижесінде 194 тексеру жүргізіліп, 546 бұзушылық анықталды (оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 337, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 182, жұмыспен қамту — 27). Анықталған бұзушылықтардың 478 жойылып, заңға сәйкестендірілді. Бұзушылықтар бойынша 120 нұсқама беріліп, 4,3 млн.теңгеге 105 айыппұл салынды, оның ішінде 3,1 млн.теңге көлеміндегі 100 айыппұл өндірілді. Нәтижесінде 690 жұмыскерлердің еңбек құқықтары қорғалды.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 16 кәсіпорындағы 423 жұмыскердің 100,6 млн.теңге жалақы қарыздары өтелді. Қазіргі уақытта, кәсіпорындарда жалақы қарызы жоқ.
Биыл қала аумағында 2 жазатайым оқиға орын алып, 6 жұмыскер зардап шекті. Өндірістерде жарақаттанудың алдын алуға бағытталған жобаларға қала кәсіпорындарыда белсенді қатысуда, атап айтқанда:
— «Халықтық бақылау» жобасы 18 кәсіпорында енгізілді;
— «Тік бақылау» жобасы 12 кәсіпорында енгізілді;
— нөлдік жарақат тұжырымдамасына 71 кәсіпорын қосылды;
— зиянды және қауіпті 2128 жұмыс орындарына еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау өткізілді;
— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар 144 кәсіпорынға енгізілді;
— 6 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.
Міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын аударатын кәсіпорындар саны 160, еңбек өтілін цифрландыру процесін бастаған кәсіпорындар саны 102 орындалуы 65,1%. енгізілген.
Бүгінгі күні, қалада 4 291 кәсіпорын ұжымдық шарттар түзуге қауқарлы, оның 1 765 — де ұжымдық шарттар түзілген, 41,1% құрады. Оның ішінде, ірі және орта кәсіпорындар арасында ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылғандардың үлесі — 98,3%.
