РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте 4 291 кәсіпорын жұмыс істейді

Бүгінгі күні, қалада 4 291 кәсіпорын жұмыс істейді, жалпы 1 765 кәсіпорында түзілген ұжымдық шарттар 41,1% құрады.

Оның ішінде, ірі және орта кәсіпорындар арасында ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылғандардың үлесі — 98,3%.

Жалақылардың уақтылы төленуі бойынша, еңбек заңнамасы жұмыскерлердің уақтылы, толық еңбек ақыларын алу механизмдерін қарастырады. 2024 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік еңбек инспекторларымен 16 кәсіпорындағы 423 жұмыскердің 100,6 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді. Қазіргі уақытта, Шымкент қаласындағы кәсіпорындарда жалақы қарызы жоқ.

Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы, 2024 жылы 4 айда қала аумағында 2 жазатайым оқиға орын алып (оның ішінде топтық жазатайым жағдайлары – 1), жалпы 6 адам зардап шекті, (оның ішінде: ауыр жарақат алғандар – 1, жеңіл жарақат алғандар -5, қайтыс болғандар – 0,). Тергеу материалдары іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданған. Конституциямызға сәйкес әркімнің қауіпсіздік талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар. Еңбек қауіпсіздігі бұл еңбек процесінде жұмыскерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген. Бүгінгі күнге қаламыздың 18 кәсіпорыны жобаны енгізді.  Сондай-ақ, 2019 жылы 17 маусымда Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған шаралар нәтижесінде тұжырымдамаға қаламыздағы 71 кәсіпорын қосылды.