РУС ENG
4 ноября, 2026

Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы іске асуда

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бастамасымен және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын іске асыруда.

Бұл бағдарлама еңбеккерлердің  өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурудың, өндірістегі өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, еңбек кауіпсіздігін жағдайларын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға және халықтың деңсаулығын сақтауға бағытталған.

Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны  жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың алғы шарты — қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жақсартуға бағытталған алдын алу шаралары болып табылады. Осыған орай кәсіподақтар орталығы тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және жақсартуға бағытталған бірнеше алдын алу шаралары өткізілді.   Атап айтқанда: 2024 жылдың 1 мамырына дейін Шымкент қаласы кәсіподақ орталығы мамандары және салалық кәсіподақ филиалдары төрағаларымен 26 мекемеде, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау тақырыбында кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, оған 250-ден астам еңбеккерлер қатысты.

2024 жылдың 30 сәуір күні «Дүниежүзілік еңбек қорғау күні» қарсаңында Шымкент қаласында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссияның көшпелі отырысы болды. Комиссия отырысында Шымкент қаласының аумағында еңбек қатынастары саласының және еңбек қауіпсіздігінің жағдайы туралы баяндалды.Сонымен қатар  еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауда үздік және озық тәжірибелерді таныстыру болып өтті. Оған өзіндік тәжірибесі бар «BI Group» құрылыс холдингі, «Интергаз Орталық Азия» Акцонерлік қоғамы, «Химфарм» Акционерлік қоғамы және «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ғылыми-зерттеу институттары  еңбекті қорғауда озық тәжирібиелермен бөлісті. Бұл отырысқа қаламыздағы кәсіпорындардан 300 жуық қызметкерлер қатысты.

Бүгінгі таңда салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары және жергілікті кәсіподақтар ұйымдарының басшылары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлерінің қатысуымен Үйлестіру кеңесінің 4 отырыс өтті.Онда негізгі қаралған тақырыптардың ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі тұрақты түрде қаралады.