Шымкентте биыл қосымша 5 қоғамдық орындарға 15 wi-fi құрылғыларын орнатылады
Шымкентте қоғамдық орындарды тегін wi-fi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында өткен жылы 20 қоғамдық орынға 53 wi-fi құрылғылары орнатылды. Ал, ағымдағы жылы қосымша 5 қоғамдық орындарға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып, жалпы саны 68 wi-fi құрылғылары іске қосылатын болады. Қазіргі таңда, аталған құрылғыларды іске қосу үшін мемлекеттік ашық конкурс өткізілуде.
Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасында жедел қызметтердің байланыс нөмерлері және орналасқан жері туралы ақпаратты көрсететін бөлім орналастырылды:
- емханалар;
- учаскелік полиция пункттері;
- өрт қауіпсіздігі саласы;
- коммуналдық қызметтер саласы (су, газ, свет).
Сонымен қоса «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мен «Цифрландыру басқармасы» арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, «i-Kolik» қосымшасына балама ретінде «2ГИС» мобильді қосымшасына қаламыздағы қоғамдық көліктердің жүру бағытын анықтау мақсатында GPS трекерлерді байланыстыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, «i-Kolik» мобильді қосымшасы жаңғырту есебінен GPS трекерлер шығарылмаған.
«109» — бірыңғай байланыс орталығының жаңғырту жұмыстарына келсек, 109 бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдан бастап қала өмірінің барлық салалары бойынша тұрғындардың өтініштерін қабылдау бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, ситуациялық орталықтың бағдарламалық қамтылуы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта қала аумағында 109 бағдарламалық қамтамасыз ету мобильді қосымшасы қосылатын болады.
Қызметтер мен функцияларды автоматтандыру қызметтеріне келсек, ағымдағы жылы басқарма тарапынан 1 қызмет автоматтандырылды. Атап айтқанда, Санаториялық-курорттық жолдама жобасы. Бұл жоба Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынып, «Денсаулық жағдайына байланысты зейнеткерлерді санаторий-курорттық көмек алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін ӨГӘЖ порталында автоматтандырылды. Нәтижесінде, қаламыздағы зейнеткерлер шипажайларда емделу үшін онлайн кезекке тұрып, өздері кезек ретін бақылай алады. Сонымен қатар, әкім аппараты және басқармалардың функциялар бойынша талдау жұмыстары талап етілуде.
Сонымен қоса , бизнес процестерді реинжинирингтеу/сипаттау және оңтайландыру жұмыстары жүргізілген орайда, функцияларды автоматтандыру жоспарлануда . Ағымдағы жылы әкімдікке қарасты 5 басқармадан 13 функцияны автоматтандыру бойынша ұсыныс хат түсті. Ұсынылған функцияларды талдап, бизнес-процестерді реинжинирингтеу қажет екені айқындалды.
