«I-Shymkent.kz» — Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал
«I-Shymkent.kz» — Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған порталы. Орталық атқарушы органдарының деректер базаларымен интеграциялау жұмыстарын жүргізу үшін «I-Shymkent» порталын ақпараттық қауіпсіздік сынақтарынан өту қажеттілігі туындады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы Ақпараттық қауіпсіздік комитетінен 11.01.2022 жылғы №KZ29VQQ00042689 сынақтар актісі берілді.
Алайда, 2022 жылы порталды өнеркәсіптік қолданысқа енгізу барысында Министрлік тарапынан әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені үшін айыппұл салынды. Басты себеп, аталған ақпараттық қауіпсіздік актісі Ұлттық қауіпсіздік комитетенінің жанындағы «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ – нан алыну тиіс болатын. Осыған байланысты, әкімдік тарапынан тиісті деңгейде интеграциялау жұмыстарын жүргізу және аталған актіге ие болу үшін
2022 жылдың 23-28 қараша күндері МТҚ – ның сынағынан өту жұмыстары жүргізіліп, Министрлікке тиесілі сәулет порталында
2023 жылдың 30 наурыз және 08 тамыз аралығында (№ТЗ-20230714, №ТЗ-20230768, №ТЗ-20230803, №ТЗ-20230831, №ТЗ-20230867 №ТЗ-20230893 нөмірлі) және ағымдағы жылдың 26 қаңтарында
№ТЗ-20241151 электрондық үкіметтің сәулет порталына қосымша техникалық тапсырма қайта жолданып, кемшіліктер себебінен кері қайтарылды
Қазіргі таңда, Цифрлық үкіметті қолдау орталық тарапынан кері байланыс күтілуде.
Қызметтер мен функцияларды автоматтандыру қызметтеріне келсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 13 323 301 қызмет ұсынылды, оның ішінде: Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 131 387 (үлесі 1%) қызмет ұсынылды. Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 13 191 914 (үлесі 99%) қызмет ұсынылды.
2024 жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 173 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған. 2024 жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 3 375 571 қызмет ұсынылды, оның ішінде: Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 40 409 (үлесі 1%) қызмет ұсынылды. Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 3 335 162 (үлесі 99%) қызмет ұсынылды.
