РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте «Shymkent It Hub» орталығы ашылады

Шымкент қаласының аумағында қазіргі таңда «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және  технопаркке материалды техникалық базаны  жеке инвестор есебінен немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көзделуде.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub»  ашу тапсырылған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусиннің «Ақылды» қалалар салу әдістемесін бекіту туралы бұйрығына сәйкес «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub»  ашу индикатор көрсеткіші белгіленген.

«Shymkent IT HUB» — білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметы. HUB Технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін арналған. Осыған орай, қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және  технопаркке материалды техникалық базаны  (техникалық құрал-жабдықтар, жиһаз, кеңсе тауарлары) жеке инвестор есебінен немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көзделуде.

«Astana IT HUB» технопаркі және Әкімдік арасында 2 тоқсан қорытындысымен  Меморандум жасалынып, техникалық ашылу жоспарлануда.

    Өңірлік геоақпараттық жүйесі (ӨГАЖ) бойынша, 2023 жылғы 20 қаңтарда Өңірлік геоақпараттық жүйе (ӨГАЖ)  ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардан сәтті өткендігі туралы актісін алды. 2023 жылғы 28 наурызда Шымкент қаласында ӨГАЖ өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

2023-2024 жылдары БМҚК (жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры) және ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 11 мемлекеттік деректер қорымен интеграциялау жұмыстары жүргізілген орайда, 3 мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылатын болады.

Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасында жедел қызметтердің байланыс нөмерлері және орналасқан жері туралы ақпаратты көрсететін бөлім орналастырылды: емханалар, учаскелік полиция пункттері, өрт қауіпсіздігі саласы, коммуналдық қызметтер саласы (су, газ, свет).