Қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек көтерілді
Шымкентте Білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражат цифрландыру басқармасы арқылы орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және әрбір мектептердегі интернетті 150 мб/сек дейінгі жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылуда.
Бүгінде, қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған. Сонымен қатар, мектептердегі интернетті қашықтықтан бақылау функциясы іске қосылды.
Қоғамдық орындарды тегін вай-пай желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 55 wi-fi құрылғылары орнатылған болатын. Ал, ағымдағы жылы қосымша 5 қоғамдық орындарға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып жалпы саны 70 wi-fi құрылғылары іске қосылатын болады.
Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 63-5) «Ақпараттандыру туралы» тармақшасын іске асыру мақсатында, өңірлерде «ақылды» қала» эталондық стандарты бекітілді. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес «Smart City» эталондық стандарты бойынша бірнеше жоба жасалынып (Коммуналдық ресурстарды қашықтықтан есепке алу, 109 Бірыңғай байланыс орталығы, Жарықтандыруды басқару жүйесі, Бейне бақылау жүйесі, Геоақпараттық жүйе, Бірыңғай есеп айырсу орталығы, Онлайн төлем және т.б) 55%-ға жеткен болатын. 2023 жылды қорытындылай келе, I –qala, Қоғамдық көлікті басқару жүйесі , Білім беру ұйымдардың бірыңғай бейнемониторинг жүйесі жобалары әзірленіп, көрсеткіш 61%-ға өсті. Ағымдағы жылы бірнеше жоба қала аумағында жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде : Қаладағы жол қозғалысын басқару жүйесі, Автожолдардың сапасын бақылау, Өңірлік IT- Хаб, Жасыл кеңістіктердің сандық есебі жобалары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобалар іске асырғаннан кейін күтілетін болжам 75%-ға ұлғайады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «i-Shymkent» порталына жасалған 2 шабуыл «ОЦИБ» арқылы уақытылы тоқтатылды және Әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелердегі жұмыс станцияларынан 30987 вирус жойылды. №832 қаулыға сәйкес аудан әкімшіліктерінде серверлік/кросстық үй-жайларда және ішкі кабельдік жүйелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс станцияларына құпия ақпараттың таралуына жол бермейтін арнайы жүйе орнатылды.
