РУС ENG
4 ноября, 2026

Қалалық балалар клиникалық ауруханасына жылына 120 мыңдай науқас келіп қаралады

Шымкент қаласының   0-18 жас аралығындағы  балаларына   шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін  көпсалалы, бірегей  аурухана — Қалалық балалар клиникалық ауруханасы. 2020 жылдан бастап қаланың барлық педиатриялық қызметі орталықтандыру мақсатында қосымша профильдер ашылып барлығы 25 клиникалық бейін бойынша медициналық  көмек көрсететін,  құрылымында қосалқы МРТ, КТ, ангиограф,  рентген, УДЗ, ЭЭГ, РЭГ, ЭКГ,  холтер кабинеттері бар сәулелі және функциональдық диагностикалық бөлімшелері, физиоемдеу, стерилизация орталығы, бактериологиялық — клиникалық лабораториясы, консультативті – диагностикалық блок және  20 төсектік күндізгі стационары бар ауқымды аурухана.

Жылына 120 мыңдай науқас  келіп қаралып, оның 20 000 ға жуығы емделіп, 5000 нан аса операция жасалынады. Қоғамның ең басты құндылығы адам дейтін болсақ, барша қоғамның алдындағы өзекті мәселенің бірі – азаматтардың денсаулығын сақтау болып табылады. Ал ең басты мақсатымызға, яғни балалардың  денсаулығына сапалы медициналық көмек  көрсету үшін  медицина саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу басты мәселелердің бірі болып табылады. Осы бағытта, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Балалар ауруханасында 2021 жылдан бастап штаттық кестеге офицер комплаенс штаты қарастырылып, жауапты маман қызмет жүргізуде. Ауруханада әр жылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.  2023 жылы жүргізілген ішкі жемқорлыққа қарсы тәуекелдеріне сәйкес ауруханада ата-аналарға және келушілерге ақпараттың қол жетімділігі мен және ашықтықтың шектелуі анықталып ашық алаң, және  колл орталық ашылып ұйымдастырылды. Колл орталықтың операторлары тәулігіне  24 сағат тұрғындардан өтініштер мен шағымдарды, сонымен қатар алғыстарды қабылдап, ай сайын мониторинг жасалады. Аруханада арыз шағым қабылдау үшін  3 жәшік  қол жетімді жерде  орналаскан. Ата-ана және қызметкелер арасынан заң бұзушылық және жемқорлық бұзушылық  бойынша анықталмаған.

Ауруханада, сыбайлас жемқорлыққа қарсы болдырмау және  балалардың  денсаулығына сапалы медициналық көмек  көрсету, балалардын қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1-ші корпуста    200 видео камера, оның 30 сыртта, 170 камера ішкі корпуста орнатылған. Ал, аурухананын 2-ші корпусында барлығы 138 камера, оның 73 – ішкі корпуста 65-сі сыртта орналасқан.

Ауруханада, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында және  балалардың  денсаулығына сапалы медициналық көмек  көрсету, білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін үміткерлерге тең мүмкіндіктер беру және адал бәсекелестікті дамытуға, ашық сұхбат жүргізіліп комиссия шешімі негізінде жұмысқа қабылданады. Сонымен қатар, офицер комплаенс маманы ағымдағы жылдың мамыр айының 27-29 күндер аралығында  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы өткізетін семинарларға қатысып  біліктілігін арттырады.