РУС ENG
4 ноября, 2026

№1 Қалалық клиникалық ауруханасы – заманауи жабдықтармен жабдықталған

Шымкент қаласындағы №1 Қалалық клиникалық ауруханасы — хирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық бейіндегі халыққа тәулік бойы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсететін көп бейінді стационар болып табылады.

Бүгін де клиника пациенттерді емдеу кезінде көптеген диагностикалық және тактикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі уақытта №1 Қалалық клиникалық аурухана 530 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 375 хирургиялық бейіндегі төсек-орын, 125 терапевтік бейіндегі төсек-орын және 30 төсектік күндізгі стационардан тұрады.

Клиника қызметкерлерінің саны 1065 қызметкерді құрайды, дәрігерлер саны-249, оның ішінде 9 медицина ғылымдарының кандидаты бар, орта медицина қызметкерлері — 378 адам. Дәрігерлердің санаттылығы — 47,3% құраса, орта медициналық қызметкерлердің — 68% құрайды.

Қазіргі танда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде Шымкент қ. ДСБ ШЖҚ «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы» МКК-ы тиісті жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы құжаттар қайта әзірленді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Нұсқаулық, корпоративтік әдеп және мінез-құлық кодексі, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған жоспар әзірленді. Бұл құжаттар кәсіпорынның ресми сайтында орналастырылған. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары осы құжаттармен таныстырылып, қол қойған.

2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 29 наурызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында оқыту семинары өткізілді, оған 68 қызметкер қатысты. Сондай-ақ, 2024 жылғы 18 сәуірде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Нұсқаулық» тақырыбында дәріс өткізілді, оған 52 қызметкер қатысты. Негізгі міндеттердің бірі қызметкерлер арасында «сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамау» қағидатын қалыптастыру болып табылады, осыған байланысты кәсіпорын қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген талаптарды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.