РУС ENG
4 ноября, 2026

Париж қаласында өтетін жазғы олимпиада ойындарына шымкенттік 11 спортшы жолдама алды

2024 жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына шымкенттік 11 спортшымыз жолдама жеңіп алды.

Атап айтқанда:

Нысана көздеуден Никита Чирюкин;

Бокстан Сабырхан Махмуд;

Таеквондодан Абабакиров Самирхон;

Семсерлесуден Алимжанов Эльмир мен Сертай Ерлік;

Стенд атудан Мария Дмитриенко;

Байдарка және каноэ есуден Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Сергей Токарницкий;

Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов;

Көркем гимнастикадан Эльжана Таниева.

Алдағы уақытта грек-рим күресі, стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен Олимпиада ойындарына 3 жолдама жеңіп алу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта, Олимпиада Ойындарына үміткер спортшылар тізімдері жасақталып, Олимпиадаға дейінгі қатысатын рейтингтік және лицензиялық жарыстары бекітіліп, спортшыларымыз қызу дайындық үстінде.

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция, Париж қаласы, 2017 жылдың 13 қыркүйегінде Перудің Лима қаласында өткен ХОК-тің 130-шы сессиясында 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қабылдаушы қаласы болып бірауыздан сайланды.

Айта кету керек, бұрын 1900 және 1924 жылдары Олимпиада ойындарын өткізген Париж Ұлыбритания астанасы Лондоннан (1908, 1948 және 2012) кейін үш рет Олимпиада ойындарын өткізген екінші қала болады. Сондай-ақ, 2024 жыл Париж-1924 ойындарының жүз жылдығымен, сонымен қатар Франция өткізген алтыншы Олимпиада ойындарымен атап өтіледі.

Париж-2024 Олимпиада ойындарының бағдарламасы 32 спорт түрінен тұрады. Бағдарламаны және негізгі 28 олимпиадалық спорт түрлеріне арналған ойындардың жалпы тұжырымдамасын жақсарту үшін, қосымша ретінде брейк-данс, спорттық альпинизм, скейтбординг және серфинг таңдалды.