РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: Жоғары спорт жетістіктері

Cпорт патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті бекемдейтін басты күш деп есептеуге толық негіз бар. Тәуелсіз Қазақстан тарихында қол жеткізген спорттық жетістіктеріміз аз емес. Қазір елімізде бұқаралық спортқа серпін берілді. Спорт-денсаулық кепілі. Ал дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі.

Жоғары спорттық жетістіктер бойынша биылғы жылдың төрт айдағы жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ, қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 698 медаль.

Азия чемпионаттарында 10 алтын, 9 күміс және 8 қола (жалпы 27 медаль). Ал, әлем чемпионаттары мен кубоктарында 3 алтын, 2 күміс, 4 қола (жалпы 9 медаль) медальға ие болды. Биылғы жылдың үш айының қорытындысы бойынша 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 79 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Париж қаласында (Франция) өтетін 2024 жылғы ХХХІІI жазғы Олимпиада ойындарына қаламыздың үміткер спортшыларымен өз құзіретіміз шегінде тиісті дайындық жұмыстары (басқарманың, аға жаттықтырушылардың дайындық жоспарына сәйкес) жүргізілуде. Сондай-ақ, спортшылардың оқу-жаттығу жиындары, халықаралық, рейтингтік жарыстарға қатысу туралы мәселелері жан-жақты талқыланып, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасы спортты дамыту дирекциясымен бірлесіп тиісті жұмыстарды атқарылуда.

Бүгінгі таңда, Олимпиада ойындарына 10 спортшымыз (нысана көздеуден Никита Чирюкин, бокстан Сабырхан Махмуд, Таеквондодан Абабакиров Самирхон, семсерлесуден Алимжанов Эльмир мен Сертай Ерлік, стенд атудан Мария Дмитриенко, байдарка және каноэ есуден Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Сергей Токарницкий, грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов) жолдама жеңіп алды. Алдағы уақытта грек-рим күресі, көркем гимнастика, стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен Олимпиада ойындарына 4 жолдама жеңіп алу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта, Олимпиада Ойындарына үміткер спортшылар тізімдері жасақталып, Олимпиадаға дейінгі қатысатын рейтингтік және лицензиялық жарыстары бекітіліп, спортшыларымыз дайындық үстінде.