РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте спорт секцияларын қаржыландыру жобасы аясында 523 адам жұмыспен қамтылды

Шымкентте биылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.

Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 109 кәсіпкер біліктілік іріктеуіден өтіп, спорттың 17 түрінен 195 секцияда 12 024 бала спортпен айналысуда.

Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы саны 523 адам.

Бұқаралық — спорттық іс-шараларға келсек, жыл басынан қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, бұқаралық спортты дамыту, спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында                     97 спорттық (Халықаралық, Республикалық, қалалық, бұқаралық) іс-шаралар өткізіліп оған 11 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтсақ: «Наурыз» мерекесі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, Бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты, Садақ атудан халықаралық турнир.

Сондай-ақ, жыл көлемінде Мемлекеттік қызметшілер, Медицина қызметшілер, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметшілері және Жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері арасында спорт түрлерінен Спартакиада жарыстары өткізілетін болады.

Спорт нысандарына қажеттілік мәселесіне келсек, бүгінгі таңда, қаламызда бірқатар спорт ғимараттарының қажеттілігі туындап отыр. Атап айтар болсақ:

— Жаңа футбол стадионының құрылысы; (Қазіргі уақытта жер телімдерді мемлекеттік мұқтаждыққа алу жұмыстары жүргізілуде)

— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Паралимпидалық, сурдлимпиадалық спорт кешенінің құрылысы; (Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданында 5 гектар жер теліміне құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде)

— Шымкент сити шағын ауданында көпфункционалды «Шымкент арена» спорт кешенінің құрылысы; (Шымкент сити шағын ауданында 5 гектар жер телімі қарастырылып, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қажет етуде)

— 5 ауданда дене шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы; (қазіргі уақытта, Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданы, Абай ауданы, Еңбекші ауданында, Әл-Фараби ауданында жер телімі қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді қажет етуде.)