Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс істейді
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде: 16 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 3 Жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 Олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік диспансер, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 Мемлекеттік жеке әріптестік аясындағы спорт нысандары.
Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылады. Оның ішінде 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері.
Сондай-ақ, 18 490 спортшымен (олимпиадылық спорт түрімен – 12481, қысқы спорт-338, олимпиадалық емес – 4008, ұлттық спорт түрі – 1322, мүгедектігі бар спортышалар – 341 (пара-72, сурдо-153) штаттағы 912 жаттықтырушы (олимпиадалық спорт – 638, ұлттық – 69, олимпиадалық емес-182, мүгедектігі бар- 23) оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.
Нысаналы индикаторлар көрсеткішіне келсек, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының тізбесінде спорт саласы бойынша 4 нысаналы индикатор қарастырылған. Олар:
- Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50% — ына дейін жеткізу.
- Халықтың 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі
- Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі
- Жастарды спортпен қамту (14-18 жас).
Спорттық инфрақұрылымға келсек, қаламызда №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылысына бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешенінің (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілуі жоспарлануда. Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
