РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: Бадам өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары

Шымкент қаласындағы су обьектілері мен жер қойнауын басқару мәселесіне де айрықша назар аударып келеді. Атап өтсек, каналдарды жөндеу жұмыстары, Бадам өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары, абаттандыру жұмыстары, ирригациялық жүйелердің жағдайын реттеу, нысандарды күтіп ұстау қызметтері, су қоймалар және каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Төтенше жағдайлардан оқшаулау үшін Бадам өзенінің  6 учаскедегі жағалауды қорғау бөгеттерінің жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттен қаржы қаралды. Мердігер мекеме «Толағай-2050» өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстарын атқаруда. Аталған нысанды ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Су тасқынын алдын алу мақсатында Ақжар су қоймасына қүрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде. Жобаның жалпы құны- 70,9млн.теңге қаралған.

Текесу су қоймасы бойынша көпфакторлы тексеру және бөгеттерін декларациялау жұмыстарына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 3 каналдың (Қызыл-сеңгір, Янгибай, Ақсай-қарабастау) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіледі. Мердігер анықталғаннан кейін өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

«Қошқар-ата» өзенін жағалауын (Жангельдин көшесінен Алпысбаев көшесіне дейін) абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялануда.

Экология мәселесіне келсек, өткен жылдың 12 айында әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алу үшін 52 өтінім тапсырылып, оның 42 өтінімі бойынша экологиялық рұқсат берілді, 10 өтінім қайтарылды. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға 195 өтінім түсті. Оның ішінде: 77 өтінімге қорытынды берілді, 118 өтінім қайтарылды. Сонымен қатар, басқарма тарапынан мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу қарастырылған. Өткен жылдың 12 айында 149 қоғамдық тыңдау өткізілді.