РУС ENG
4 ноября, 2026

Қала аумағында орналасқан 3513 көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілді

Биыл қала аумағында орналасқан 3513 көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілді.  Жалпы атауы бар – 3232, атауы жоқ – 281, идеологиялық тұрғыдан ескірген 348, атауы қайталанатын 84 көше бар. Қазіргі уақытта 232 көшеге атау беру және  қайта атау бойынша Республикалық ономастика комиссияға келісім алу үшін  ұсыныс жолданды. Қалған атауы жоқ 106 көшеге қолданыстағы заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар Министрлік жолдаған «Республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегі» ұсынымға сәйкес, Шымкент қаласында орналасқан 108 елді мекенде ілінген тақтайшаларға аудан әкімдіктерімен бірлесіп жыл бойы зерделеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

Тілдерді дамыту мәселесіне келсек, бүгінгі күні тіл саласында өзекті мәселелер бар екені бәрімізге мәлім. Себебі, заң талаптары барлық жерлерде бірдей орындалмауда. Осыған орай, басқарма «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 21 және 25-3-бабына сәйкес мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған iс-шараларды жүргiзеді. 2021-2023 жылдар аралығында кәсіпкерлерге мораторий жарияланғаннан кейін заң бойынша талап бұзғандарға Басқарма тарапынан тек ескерту беріліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетумен ғана шектеліп келді.

2024 жылдан бастап заң талаптарын сақтамайтындар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес тиісті шаралар атқарылатын болады.

Осы ретте қаламыздағы кәсіпкерлік нысандарына көше, ғимарат, көлік, сауда орындары, сервистік орталықтардағы көрнекі ақпарат, маңдайшалардағы хабарлама, жарнамалар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21 бабына сәйкес жұмыс жүргізулеріңізді сұраймын.