РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент қаласы аумағында жалпы 114 тарихи-мәдени мұра объектілері бар

Бүгінгі күні Шымкент қаласы аумағында жалпы 114 тарихи-мәдени мұра объектілері бар. Олар: 30 археологиялық, 56 монументтік өнер құрылыстары, 11 қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, 2 киелі объектілер. Оның ішінде 7-еуі республикалық, 8-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.

Осы жылдың бірінші тоқсанында, республикалық және жергілікті маңызы бар 15 тарихи және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени мұра обьектілерінің жай-күйін бақылау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, республикалық маңызы бар Қожа Салық кесенесінің XIII-XYIII ғ.ғ. қабырғалары мүжіліп, құзданып жатқанына байланысты реставрация жұмыстарын қажет ететіні анықталды. Қазіргі кезде жауын-шашыннан қорғау мақсатында кесененің сыртын жарты беліне дейін кленкамен қоршап жауып қойған. Кесене Қаратау ауданы әкімдігінің теңгерімінде.

Шымкент қаласы аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, қорғау аймақтарын анықтау және мемлекеттік тізімге енгізу үшін тарихи-мәдени сараптама дайындау жоспарлануда. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің жинағы шығарылатын болады.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 6 театр, 6 кітапхана, 3 орталық, цирк, архив, музей мекемесі, Мәдениет үйі концерттік ұйымы (5 клуб, 5 мәдениет үйі) және Шымқала тарихи-мәдени кешені, сонымен қатар қала әкімдігінің                   2024 жылғы 9 ақпандағы №229 қаулысына сәйкес «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» 138 штат бірлігімен және 3 сәуірдегі №1557 қаулысына сәйкес «Шымкент концерт» концерттік ұйымы» (филармония) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылуына байланысты қосымша                     191 штат бірлігімен басқарма қарамағына өткізіліп, 2171 штаттық бірлікті құрайтын барлығы 22 мекеме жұмыс жасайды.

2024 жылға жоспарланған жалпы қаржы көлемі 13 млрд 607 млн 349,0 мың теңгені құрады. 2024 жылы қала аумағында ауқымды 47 ресми, көпшілік, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып өткізу жоспарланған.