РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымқаламыздың ажарын арттыру бірінші кезекте тазалық жұмыстарына байланысты

Шымкенттегі орталық көшелердегі тазалық жұмыстарына мердігер мекемелер тарапынан 2000-ға жуық жұмысшы, 155 арнайы техника жұмылдырылған.

Орталық көшелер маңыздылығына қарай 3 санатқа бөліп тазартылуда.

I санаттағы көшелер 67 көше. Атап айтқанда: Абай ауд.-12 көше, Әл-Фараби ауд.-14 көше, Еңбекші ауд.-12 көше, Қаратау ауд.-14 көше, Тұран ауд.-15 көше. II санаттағы көшелер 157 көше. Атап айтқанда: Абай ауд.-31 көше, Әл-Фараби ауд.-35 көше, Еңбекші ауд.-30 көше, Қаратау ауд.-24 көше, Тұран ауд.-37 көше. III санаттағы көшелер 219 көше. Атап айтқанда: Абай ауд.-37 көше, Әл-Фараби ауд.-60 көше, Еңбекші ауд.-41 көше, Қаратау ауд.-37 көше, Тұран ауд.-44 көше.

Қаланың орталық көшелерін тазарту жұмыстарына төмендегі негіздемелерге сәйкес ұйымдастырылуда:

  1. Тазалық жұмыстарын жаз айларында екі ауысымнан үш ауысымға ауыстыру (I ауысым 06:00-12:00, II ауысым 12:00- 18:00, III ауысым 18:00-00:00) арқылы қаланың санитарлық тазалау жұмыстарын күшейту.
  2. Ауа райының жауын шашын күндері ирригациялық арықтарының су өткізгіш қабілеті төмендеп, жекеленген жерлерде су жиналуын болдырмау мақсатында әр ауданда мердігер мекемелермен 20 адамнан құралған ирригациялық тазалау тобы құрылып, аталған топ қала аумағындағы ирригациялық жүйелердің жай күйлеріне зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
  3. Әр мекеме тарапынан орталық көшелерді тазалауға әр ауданда 50 адамнан тұратын бригадалар құрылып, халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамаларды, жол жиектерінің тазалығын тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.

Қала әкімдігі тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді. Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау,  көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене араласты.