РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкентте 443 магистралды көшелердегі ағаштар толық саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізілді

Шымкентте жасыл екпелердің автоматтандырылған платформа жүйесі құрылып (zhasylsym.kz), жасыл екпелер қорын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Жобаға сәйкес, қала аумағындағы барлық ағаштар саналып, тізілімі жасалынады. Қазіргі таңда, 443 магистралды көшелердегі ағаштар толық саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізілді.

Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көшелер бар. Аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мемлекеттік-жекеше әріптес атқаруда. Аталған мердігер мекемелермен 2023 жылы күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 51 348 дана жай жапырақты, 9 586 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Отырғызылған ағаш көшеттерінің биіктігі жай жапырақты ағаш көшететрі 3,5-4 метр, қылқан жапырақты ағаш көшеттерінің биіктігі 2-2,5 метрді құрайды. (Салыстырмалы түрде 2022 жылы отырғызылған ағаш көшеттерінің биіктігі жай жапырақтылар 1-1,5 метр құраса, қылқан жапырақты ағаштар 0,6-0,7 метрді құраған).

Өткен жылы қала аумағындағы жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 111 су ұңғымалары қазылып Әр аудан бойынша 20 дана су ұңғымалары қазылды), автоматты суғару жүйелері жүргізіліп, сорғы құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, қысқы маусымға мемлекеттік-жекешелік әріптес тарапынан 155 арнайы  техникасы жұмылдырылды. Өткен жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға ұлғайтылды.

Жалпы инертті материалдар қоры: Құм- 31594м3. Тұз- 6690 тонна әзірленіп, қаланың тазалық жұмыстарына жауапты жекеше әріптестердің базаларына жеткізілді. Арнайы техникалардың қар күреу жұмыстары бойынша әр ауданға қар күреу бағыттары әзірленіп, бекітілді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қала аумағындағы магистралды көшелердегі жасыл екпелерді түгендеу жұмыстары бюдет қаражатынсыз жекеше әріптестер есебінен жүргізілді.

Жасыл екпелердің автоматтандырылған платформа жүйесі құрылып (zhasylsym.kz), жасыл екпелер қорын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Онда жасыл екпелердің түрі, диаметрі, биіктігі, жай-күйі интерактивті картада орналасады.

Жобаға сәйкес, қала аумағындағы барлық (магистралды көше, ішкі орам көшелері, көпқабатты тұрғын үй аулалары, жеке секторлар) ағаштары саналып, тізілімі жасалынады. Қазіргі таңда, 443 магистралды көшелердегі ағаштар толық саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізілді.