Шымкент: әлеуметтік құрылыс нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар
Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысының Шымкент қаласында құрылыс қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясы.
Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шымкент қаласында құрылыс қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» брифинг өтті, оның барысында құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы айтты.
Биыл құрылыс басқармасы тарапынан 103 жоба немесе 131 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 119 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 12 нысанның құрылысы 2025 жылы аяқталатын болады. Бүгінгі таңда, құрылыс жүргізіліп жатқан 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты тұрғын үйден 14 мың шаршы метрді құрайтын 180 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Ал, қалған 193,6 мың шаршы метр құрайтын 2 490 пәтерлі 64 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын болады деді басқарма басшысы Олжас Таджибаев.
Әлеуметтік нысандар құрылысына келсек, 11 білім нысандарының құрылысын жүрігізу жоспарланған. Оның ішінде: Жаңа құрылыс – 6. Сонымен қатар, 3 625 орынға арналған 11 білім нысандарының ЖСҚ-сы дайын. Бұдан бөлек, 2 спорт нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда, 4 мәдениет нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда, 3 төтенше жағдайлар нысандарының құрылысы жүрігізілуде, 2 абаттандыру нысандарының құрылысы жүргізілуде, 2 ауыл шаруашылығы нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
- 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жүргізілуде (Абай 2/9 әкімшілік ғимаратқа қосымша ғимарат салу, Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу, Диваев 4 ПД әкімшілік ғимаратын реконструкциялау және Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу).
Оның ішінде, 3 нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса (Абай 2/9 әкімшілік ғимаратқа қосымша ғимарат салу, Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу, Диваев 4 ПД әкімшілік ғимаратын реконструкциялау) 1 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі (Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу).
- 1 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүргізілетін болады. («№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» қосымша 50 орындық ғимарат құрылысы).
Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға дайындық жүргізілуде.
Сонымен қатар, 1 жобаның ЖСҚ-сы дайын (Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығы) және 1 жобаның ЖСҚ әзірленуде («Мейірім» оңалту орталығы МКҚК-ның 100 орындық ғимаратын салу).
- 2 денсаулық сақтау нысанының (Қан орталығы МКК қосымша ғимарат құрылысы және Ақжайық шағын ауданында 200 төсек орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы) ЖСҚ-сын әзірлеу жоспарланған.
Қазіргі таңда, Қан орталығы МКК қосымша ғимарат құрылысы бойынша ЖСҚ жобасы дайын.
