Шымкентте 3 төтенше жағдайлар нысандарының құрылысы жүргізілуде
Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шымкент қаласында құрылыс қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» брифинг өтті, оның барысында ағымдағы жылдың құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы атқарылатын жұмыстар туралы айтылды. Баспасөз конференциясында тұрғын үй құрылысы, кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер, инженерлік инфрақұрылым құрылысы, әлеуметтік нысандар құрылысына бойынша ақпараттар айтылды.
Оның ішінде әлеуметтік нысандар құрылысына келсек, төтенше жағдайлар нысандарының құрылысы, абаттандыру нысандарының құрылысы, ауыл шаруашылығы нысандарының құрылысы, мемлекеттік орган нысандарының құрылысы, әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы, денсаулық сақтау нысанының құрылысына тоқталып өтті. Бұл бойынша төменде баяндалды.
- 3 төтенше жағдайлар нысандарының құрылысы жүргізілуде. (Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы, Тұран ш/а 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы, Сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялау). 1 нысанның құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Ал, қалған 2 нысанның (Тұран ш/а 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы, Сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялау) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, 1 жобаның ЖСҚ дайын (Қайнарбұлақ жедел құтқару кешені) және 2 жобаның ЖСҚ әзірленуде (Шаян ауылында басқару пунктінің және «Жас ұлан» мектебін қайта құру).
- 2 абаттандыру нысандарының құрылысы жүргізілуде. (Шымсити ш.а. 20,4 га және 6,9 га саябақ және Шымсити ш.а. 18 га саябақ құрылысы). Қазіргі таңда, 20,4 га және 6,9 га саябақ бойынша құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалса, 18 га саябақ бойынша құрылыс жұмыстары 15 пайызға орындалды.
Сонымен қатар, Тұран ш/а Этносабақ құрылысының ЖСҚ-сы әзірленуде.
- 2 ауыл шаруашылығы нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда (Ақтас ш.а орналасқан қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған баспана құрылысы және Ақтас ш.а орналасқан ғимаратқа сыртқы инженерлік-инфрақұрылым құрылысы). Қазіргі таңда, аталған нысандарда құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалған.