РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің құрылысы іске асырылуда

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Шымкент қаласында құрылыс қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында тұрғын үй құрылысы, кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер, инженерлік инфрақұрылым құрылысы, әлеуметтік нысандар құрылысына бойынша ақпараттар айтылды. Оның ішінде әлеуметтік нысандар құрылысына келсек,

  • 11 білім нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: Жаңа құрылыс – 6 (№39, №50 мектептерге қосымша ғимараттар (600 орын), Тельман 1200 орындық мектеп, Тұран ш.а. 2 оқушылар сарайы-500 орын, Сайрам шағын ауданындағы №10 колледжге қосымша ғимарат-300 орын, №2 интернат мектеп-40 орын), күрделі жөндеу – 5 нысан (№8, 48, 80, 120 мектептер, Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты). 6 жаңа құрылыс нысандары ағымдағы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал, 5 күрделі жөндеу нысаны бойынша 1 нысанның құрылысы (Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты) 2025 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, 3 625 орынға арналған 11 білім нысандарының ЖСҚ-сы дайын (№19,25,41,53,66,68,82,116,121,122 мектептерге қосымша ғимараттар және Сайрам т.а. 300 орынға арналған жатақхана құрылысы).

Бұдан бөлек, Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, ал, 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

  • 2 спорт нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда (№12 спорт мектебі және №15 спорт мектебі).

Сонымен қатар, Тұран шағын ауданы 5 га жер учаскісінде көпфункционалды теннис орталығының және «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған бабалар-жасөспірімдер спорт мектебі» құрылысының ЖСҚ-сы дайын.

  • 4 мәдениет нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда (Өтеміс мәдениет үйін қайта жаңарту, Бозарыққақпа мәдениет үйін қайта жаңарту, Көкбұлақ мәдениет үйін қайта жаңарту, Қайнарбұлақ мәдениет үйін қайта жаңарту). Қазіргі таңда, аталған нысандарда құрылыс жұмыстары 15-20 пайызға орындалған.

Сонымен қатар, Опера және балет театрының ЖСҚ-сы әзірленуде.