2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 2950 пәтерлі 73 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі
Шымкент 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, Тұран ш/а-2 үй, Бозарық-38 үй, Ақжайық ш/а-33 үй. Оның ішінде: арендалық 4 үй (396 пәтер) (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық ш/а-2 үй); кредиттік 69 үй (2554 пәтер), (Бозарық ш/а-36 үй, Ақжайық ш/а-33 үй).
Ағымдағы жылы 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2 670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-4, арендалық-62) пайдалануға тапсырылатын болады. Ал, 31,3 мың шаршы метр құрайтын 260 пәтерлі 7 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-7 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 25,3 млрд. теңге қарастырылған (ЖБ–20,5 млрдр.тг., РБ–4,8 млрд.тг). Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған.
Қазіргі таңда, басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көпқабатты тұрғын үйдің кепілдік мерзімдері бар. Атап айтқанда, Тұран-2 ш/а-88 үй, Шымкент сити ш/а-24 үй, Нұрсат-3 ш/а-44 үй, Бозарық ш/а-18 үй. 2024 жылдың 1-тоқсанында 10 382 пәтерден 128 кемшілік анықталып, оның 118-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы 10 382 пәтерден 556 кемшілік анықталып, қалпына келтірілген.
2024 жылы басқарма тарапынан келісім шарт талаптарын орындамағын үшін мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 0,5 млн айыппұл салынып өндірілді. Олардың ішінде, мердігер мекемелерге 0,4 млн, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 0,1 млн тг. Сондай-ақ, 1 мердігер мекеме («Корпорация Сити-строй» ЖШС) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды. 2023 жылы 5 мердігер мекеме мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды («ПМК-7К» ЖШС, «ГеоНұр» ЖШС, «BuildStroi» ЖШС, «SheberBuild» ЖШС, «Нұр Строй COM» ЖШС).
