РУС ENG
4 ноября, 2026

2024 жылы Шымкентте 5 аудан көлемінде орталық маңызы бар 1000 көше жарықтандырылады

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің        522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде,

2021 жылы ГЧП аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті.

2022 жылы ГЧП аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті.

2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өсті.

2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру,  аудан әкімдіктері тарапынан       5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарлануда.

Осы орайда Шымқаламыздың жарық мәселесіне байланысты қала тұрғындарының ойын біліп, кішігірім сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Тілші: Түннің бір уақыты болды, бірақ, Шымкенттің қызған тіршілігі әлі тоқтаған жоқ. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, ал, біз электрик Айдос екеуміз қаланың жарықтарын ауыстырып жүрміз. Қала көшелерінде «Шымкент тазалықтың», жалпы, демалып жүрген халықтың көліктері әрлі-берлі ағылуда. Осылайша, қалада 24 сағат бойы қайнаған тіршілік үзілмейді. Айдос мамандығын жақсы көреді. Өзін осы қаланың түнгі күзетшісіндей сезінеді. Өйткені, ол жаққан жарық қаланың тұрғындарына қуаныш сыйлайды.

Электр монтері: Шымкент өзіндік әдемілігімен ұнайды. Біз халыққа жарық беріп отырмыз. Түнде өте әдемі. Бригаданың жұмысы — осы. Таң бозарып атқанша өшіп қалған жарықтарды жағып шығады. Күндіз бақылау қиын, өйткені, шамның жанып, не өшіп тұрғанын білмейсің. Ал, түнде бірден көрінеді. Қазір қалалық жарық мекемесі энергия үнемдегіш лампаларға көшкен.  Сапа — бірінші орында. Әрі  нарықта түрлі ұсыныс көп, түр-түрі шығып жатыр.

Қала тұрғыны: Не нәрсені жақсарту үшін алдымен шығынданасың. Соның есебінен қала дамиды. Шығынды есептей берсең, ешқашан дамымайсың. Шығынсыз кіріс болмайды. Ертең бүкіл халық келеді, туристер тамашалайды.

Айта кетейік, сондай-ақ қалада табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 5,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды.  Нәтижесінде, 49 мыңға жуық адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 94%-дан 96%-ға өсті.