РУС ENG
4 ноября, 2026

Қалада табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған

Шымкент қаласында табиғи газбен қамту жоспары жылдан-жылға артып келеді.  Шымкентте табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған. Өткен жылы 9 нысанның (Қайнарбұлақ 1,2 кезек, Ынтымақ-2, Тұран, Асар-2, Сауле,  Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас) құрылыс жұмыстарына 5,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды (Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас).

Нәтижесінде, 49 мыңға жуық адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 94%-дан 96%-ға өсті.

Сонымен қатар 2024 жылы 7 нысанның (Қайнарбұлақ 1,2 кезек, Ынтымақ-2, Тассай, Қаратөбе, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қайтпас-1) құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Шымкент қаласы аумағы бойынша 838,6 км жылу құбырлары бар: Тозу деңгейі 37%-ы құрайды. Сондай ақ, 23 қазандық және 17 сорғы стансалары бар: 23 қазандықтың тозу деңгейі — 30,5% 17 сорғы стансалары тозу деңгейі -41 % құрайды.

2023 жылы жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда: 3,2 млрд. теңгеге 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1,8 млрд. теңгеге 4,5 км жылу жүйелеріне 2 нысанға (Адырбеков, Нұрсат) қайта құру жұмыстары жүргізу жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 нысанның (Нұрсат) құрылыс жұмыстары аяқталды.

Қазіргі таңда, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үйлер және 464 бюджеттік мекемелер тұрақты жылумен қамтамасыз етілуде.

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің        522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті. 2022 жылы ГЧП аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті. 2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өсті.

2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру,  аудан әкімдіктері тарапынан       5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарлануда.