РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті

Ауыз су мәселесі технологиялық үдеріс заманында да «қайнап» тұрған проблема күйінде қалып отыр. Мәселен, дүние жүзіндегі ауыз су мәселесін зерттеген БҰҰ сарапшылары таза суға мұқтаж тұрғындардың 80 пайызы периферияда тұратынын анықтаған. Ал қала мәдениетіне кіріккен адамдардың 96 пайызы таза су ұғымын құбыр басындағы шүмекті бұрап ашу деп қана түсінетін көрінеді. Шымкентте қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 79-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 2 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам,) қамтамасыз етілуде.

Өткен жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды.Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қазіргі таңда, 81 шағын ауданның 25-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған.2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда сапалы электр қуатымен  81 елді мекен толық қамтылған, немесе  қамту көрсеткіші  100% құрайды. 2023 жылдың қорытындысымен 4 елді мекенде (Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт, Түркістан) ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алса, қалған 2 нысанның («Ақжар» 110/35/10 кВ, Тұран 10 (РП),) құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі болатын.