РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент қаласына 77 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді

Қазіргі уақытта Шымкент қаласына 77 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күн сайын маршруттарға 916 автобус шығады (1120 бірлік резервті ескере отырып). Жеке меншік нысанындағы 11 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89% құрайды. Жалпы автобустар саны – 1120 болса, оның 640-ы газ метанмен, 444-і дизельмен және 36-сы бензинмен жүреді.

Қызмет көрсететін тасымалдаушы мекемелер: «Shymkent bus» ЖШС – 35 маршрут; «ТТК» ЖШС – 16 маршрут; «Радуга-транспорт» ЖШС – 8 маршрут; «T-Bus» ЖШС – 7 маршрут; «Shymkent bus service» ЖШС – 3 маршрут; «Ман-Оңтүстік» ЖШС – 2 маршрут; ЖК Абдуганиев – 2 маршрут; «Автоимпульс» ЖШС – 1 маршрут; «Мир и Со» ЖШС – 1 маршрут;  «Санжар моторс» ЖШС – 1 маршрут; «Сайрам-ЖТС» ЖШС – 1 маршрут. 2020 жылы кешенді схема бекітілген. ХАБ саны 6 құрайды. Олар: Самал базары, Айна базары, Бекжан базары, Көмешбұлақ базары, Қырғы базары, Гипер хаус сауда үйі.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік қызмет сапасына қатысты тұрғындар тарапынан өтініш-арыздар келіп түсуде. Атап айтқанда, 109 I-komek орталығына 2023 жылы 12 643 арыз түссе, 2024 жылғы бүгінгі күнге дейін 9 244 арыз түсті. Әлеуметтік желілерде бүгінгі күнге дейін 8 962 өтініштер түсті.

2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру енгізілген. Қазіргі уақытта, валидаторлардың дұрыс жұмыс істемеуі және QR кодтардың толық болмауы туралы өтініштер де келіп түсуде.

Айта кетейік, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы жұмыс істейді, ал үшінші станцияның құрылысы жүргізілуде.