Шымкент: Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша 14 инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарлануда
Ауыл шаруашылығы саласы еліміздегі ең маңызды саланың бірі. Оған қоса, аграрлық секторға қатысты мәселелерді Президентіміз өзі жіті бақылауына алып, күн тәртібінен түсірген емес. Сол себепті, бұл бағытқа инвестициялық жобаларды қарқынды жұмылдыру басты міндеттердің бірі болып тұр.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Ұлттық жобасы аясында қалаға 12 индикатор бекітіліп берілген, аталған көрсеткіштерге жету мақсатында бірқатар іс-шаралар биылғы жылы атқарылатын болады. Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың га құраса биылғы жылы қалада егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың га жетіп, өнімділік 86,0 мың тоннаны құрайтын болады. Сонымен қатар, 8,5 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт және 160,0 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады.
Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша былтыр 16 жоба жүзеге асырылса, биыл 16 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда: 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу цехы, 2 құс шаруашылығы, 1 мал азығы, 1 жеміс/көкөніс қайта өңдеу, 1 мал бордақылау алаңы, 1 жылыжай кешені.
Бүгінгі күнде қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннға жуық өнім жиналуда. Осы бағытты дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен біргелесе І-кезеңде 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда. Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артатын болады. Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% субсидияланып, ал комуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Бүгінгі таңда, тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында 8.7 млрд.теңге қарастырылды. Сонымен қатар, қала аумағында 80 ге жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағада сатылуда. Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 16 комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде 219 сауда субьектілерінің электрондық шот фактуралары зерттеліп, тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 128 кәсіпкерлік субьектіге ҚР ӘҚБтК 204-4 бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.
