РУС ENG
4 ноября, 2026

Қала аумағында орналасқан 15 базардың модернизациялау жұмыстары аяқталған

Шымкент қаласы аумағында орналасқан базарларды қайта жаңарту бойынша жұмыстарға келсек, қала аумағында бүгінгі таңда 19 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап – 7, мамандандырылған – 12. ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 10-бабының 2-3-тармағы базарларды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді және модернизациялауды талап етеді.

Талаптарға сәйкес қала аумағында 19 базар модернизациялауға жатады. Қала аумағында орналасқан 15 базардың модернизациялау жұмыстары аяқталған.

Бүгінгі таңда, 7 базар бойынша модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Авто Нұр», «Қырғы базар», «Алаш», «Самал», «Жаңа шахар» — аяқталу мерзімдері 2024 жылдың 4 тоқсаны, «Жабық базар» – аяқталу мерзімі 2025 қараша айы, «Назым апа» — аяқталу мерзімі 2025 жылғы 4 тоқсан.

Қала аумағындағы ретсіз сауда мәселесіне келсек, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) 204-бабына сәйкес, белгіленгеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қаладағы ретсіз сауда ошақтарында ретсіз сауданы жою мақсатында қала аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.

Жыл басынан қала аумағында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) 204-бабына сәйкес, 2024 жылдың 3 тоқсанында 1 380 хаттама толтырылды, оның ішінде   1 240 ескерту, 2 503 905 теңге айыппұл, өндірілгені 1 553 215  млн теңге.

Айта кетейік, қала аумағында 2024 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 130 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға өскені анықталды. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2024 жылға 21,05 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,65 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 2,4 млрд теңге. Одан бөлек, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен қаланың бөлшек сауда көлемі 191,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,9% ұлғайды.

Аталған көрсеткішке жаңадан ашылатын сауда ойын-сауық орталықтарының құрылысы, жаңа сауда нүктелері және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізіледі.