Шымкент: кәсіпкерлікті қолдау шаралары
Шымкент қаласында жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2024 жылға 21,05 млрд. тг. қаржы бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,65 млрд. тг., жергілікті бюджеттен – 2,4 млрд. теңге.
«Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдауға 2024 жылы 20,85 млрд. тг. бөлінген. Республикалық бюджеттен – 18,65 млрд. тг., жергілікті бюджеттен – 2,2 млрд. теңге.
2024 жылдың 1 сәуіріне 6,5 млрд. теңгеге 2 256 жобаға (оның ішінде 150 жаңа жоба) қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
— банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 6,4 млрд. теңгеге 2234 жобаға; (128 жаңа жоба)
— банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша 136,7 млн. теңгеге 22 жобаға.
2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2024 жылға міндеттемелерді өтеуге бюджеттен 174,3 млн. теңге бөлінген. 2024 жылғдың 1 сәуіріне 183 жобаға 17,9 млн. тг. субсидия, 19 жобаға 24,6 млн. тг. өндірістік алаңдарының жалдау ақысы өтелді.
Шымкент қаласында 2024 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 130 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 21 мың бірлік, жеке тұлғалар – 102,2 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 6,8 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 10,1%-ға өсім көрсетті. 2023 жылдың 3 -тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 227,5 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша 1,86 трлн. теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 23,2%-ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 49,2%-ға жетті.
2024 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 191,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,9% құрады. Аталған көрсеткішке жаңадан ашылатын сауда ойын-сауық орталықтарының құрылысы, жаңа автокөлік салондарының құрылысы, жаңа сауда нүктелері және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізіледі. Көтерме сауданың көлемі 2 512,0 млрд теңгені құрады немесе 110,6% құрады. Жалпы сауда көлемі 4 442,1 млрд теңгені немесе
109,8% пайызды құрады.
