РУС ENG
4 ноября, 2026

Сауда-логистикалық орталығы: Жалпы инженерлік инфрақұрылым құны 8,9 млрд теңгені құрайды

Сауда-логистикалық орталығы 136 га кеңейту. Бүгінгі таңда аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін жүргізу бойынша техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жалпы инженерлік инфрақұрылым құны 8,9 млрд теңгені құрайды. Бүгінде электр, су, кәріз жүйелері бойынша мердігер мекеме анықталды. Жалпы құны  4,1 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, газбен жабдықтау (0,8 млрд теңге) және темір жол тұйығының (2,2 млрд теңге) жобасы әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың қарауына ағымдағы жылдың наурыз айында жолданатын болады. Автомобиль жолдарының жобасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 1,8 млрд теңге. Инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен қаражат сұрау мақсатында бюджеттік өтінім ұсынылуда. Ағымдағы жылдың 21 ақпанында сауда-логистикалық орталығын республикалық маңызы бар мәртебесін беру мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан сараптама кеңесі өткізілді. Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары жүргізілуде.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 175 га және «Жұлдыз» индустриялық аймағын 155 га кеңейтуге қажетті 330 га жер учаскесін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 288 га жер учаскесі қайтарылып, қалған 42 га бойынша бағалау, сот үрдістері жүруде. Жер учаскелері толығымен қайтарылғаннан кейін қажетті инженерлік инфрақұрылым жобасы әзірленетін болады.  Сонымен қатар, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан қуаттылығы 100 МВт құрайтын «Жұлдыз» қосалқы станциясының жобасы әзірленуде. Шамамен жоба құны 15-18 млрд теңге  құрайды. Іске қосу мерзімі 2026-2027 жылдар. Жоба сәтті іске асқан жағдайда сол аумақтағы индустриялық аймақтар толығымен электр қуаттылығымен қамтамасыз етілетін болады.

Cондай-ақ, металлургия саласындағы жобалар іске асырылатын аумағы 1 076 га құрайтын қаланың оңтүстік-батыс бағытында жаңа индустриялық аймағын құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда индустриялық аймақ тұжырымдамасы әзірленіп, қала әкімдігінің қаулысы қабылданды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан аталған аумақта жобаларға қажетті инженерлік-инфрақұрылымға қосылу нүктеклерін анықтап, жобалау жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен қатар, жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстарын жүргізу қажет.