РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында биыл 14,8 млрд теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 130,5 млрд теңге болатын 62 жобадан тұрады, олар 3,7 мың жұмыс орнын құруды көздейді.

Аталған аймақта жалпы инвестиция көлемі 58,9 млрд теңге тұратын 38 жоба іске асырылып, 2,6 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

2024 жылы 564 жаңа жұмыс орындарын құрумен 14,8 млрд теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, «Hydrogen energy» ЖШС – сутегі тотығын өндіру, инвестициялық құны – 4,0 млрд теңге, 25 жұмыс орындарын құрумен; 2. «Balabi textile» ЖШС – шұлық бұйымдары өндірісін кеңейту, инвестициялық құны – 6,5 млрд теңге, 260 жұмыс орындарын құрумен; 3. «Marvik Partners» ЖШС – тоқыма емес материалдар өндірісі, инвестициялық құны – 3,2 млрд теңге, 200 жұмыс орындарын құрумен; 4. «Cleans Fabric» ЖШС – ылғалды майлықтар өндіру, инвестициялық құны – 837 млн теңге, 20 жұмыс орындарын құрумен; 5. «Nappa.kz» ЖШС – аяқ киім өндірісі, инвестициялық құны – 400 млн теңге, 59 жұмыс орындарын құрумен айналысады.Қала аумағында 2 314 га аумақта қосымша 8 жаңа өндірістік алаңдарды құру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ қала аумағында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда  330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңға 229,0 млрд теңгені құрайтын 285 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды. Айта кетейік, қалада 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн теңгеге 219 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. Онда жаңа 31 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады. Ал 2024 жылы жалпы құны 262 млрд теңгеге 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда. 2024-2028 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 532 млрд теңгеге 9,9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 114 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. 2024 жылы 88,5 млрд теңгеге 1809 жаңа жұмыс орындарын құрумен 16 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.