РУС ENG
4 ноября, 2026

Қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді

Қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда  330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңға 229,0 млрд теңгені құрайтын 285 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.

Атап айтар болсақ, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, Сауда-логистикалық орталығы, «Жұлдыз» индустриялық аймағы, «Бозарық» индустриялық аймағы.

«Оңтүстік» индустриялық аймағында 101,4 млрд  теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда.  Оның ішінде, 78 жоба іске қосылып, онда 2,7 мың жұмыс орындары ашылды және оған 96,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды.2024 жылы 38 жаңа жұмыс орындарын құрумен 547 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

Оның ішінде, 8 жаңа жұмыс орындарын құрумен 347 млн теңгеге  2 инвестициялық жоба іске асырылды. Атап айтар болсақ: 1. «Easy Pack» ЖШС – полиэтилен өнімдерін өндіру инвестициялық құны – 347 млн теңге, 8 жұмыс орындарын құрумен; 2. «Бумпром» ЖШС – ПКС маркалы картон өндірісі, инвестициялық құны – 200 млн теңге, 30 жұмыс орындарын құрумен айналысады.

«Тассай» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге  2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 43,4 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 2024 жылы 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен 100 млн теңгеге  1 инвестициялық жоба іске асырылды. Атап айтар болсақ, «Shymkent-Reklama» ЖШС – жарнамалық құрылымдар өндіру және қызмет көрсету, инвестициялық құны – 100 млн  теңге, 10 жұмыс орындарын құрумен айналысады.

Сауда-логистикалық орталығында 43,5 млрд теңгеге    660 жұмыс орнын құрумен 8 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 25,2 млрд теңгеге 287 жұмыс орнын құрумен 4 жоба жүзеге асырылған. 2024 жылы 207 жаңа жұмыс орындарын құрумен 37,2 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтар болсақ, 1. «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС  –  алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, инвестициялық құны – 27 млрд  теңге, 100 жұмыс орындарын құрумен; 2. «НМИ ЮГ» ЖШС – көпфункционалды қойма кешені, инвестициялық құны – 10,2 млрд теңге, 107 жұмыс орындарын құрумен айналысады.