РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: 2024 жылы жалпы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда

Бүгінде елімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасты. Қазіргі таңда шетелдік инвесторларды тарту мақсатында ауқымды іс-шаралар қолға алынып жатыр. Олардың ірі жобаларды іске асыру мүмкіндіктері де едәуір кеңейтілді.

Ағымдағы жылдың 3 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 98,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,9% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 13,2 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 85,6 млрд теңгені құрады.

2024 жылы жалпы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға артуы күтілуде.

Қалада 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,7 трлн теңгеге 219 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. Онда жаңа 31 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады.

Ал 2024 жылы жалпы құны 262 млрд теңгеге 6336 жаңа жұмыс орындарымен 64 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда.

2024-2028 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 532 млрд теңгеге 9,9 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 114 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды.

2024 жылы 88,5 млрд теңгеге 1809 жаңа жұмыс орындарын құрумен 16 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда  330,9 млрд. теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңға 229,0 млрд теңгені құрайтын 285 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 885 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 20 – ірі, 49 – орта және 816 – шағын өндірістер. 2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 250,6 млрд. теңгені (2023 ж. 3 айы – 234,2 млрд. тг.) құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ — 102,7%) 4,3%-ға артты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі өңдеу өнеркәсібінің 3,9%-ға, кен өндіру өнеркәсібінің 92,8%-ға, электр мен газбен жабдықтау 11%-ға және сумен жабдықтау салаларының 6,3%-ға артуы есебінен қалыптасты. 2023 жылы қалыптасқан өсу тенденциясын есепке ала, 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.