Шымкент: қайтарымсыз грант иегерлеріне қойылатын біршама талаптар бар
Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады. Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар: Бірінші кезекте «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарайды. Екіншіден ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс. Өтінім беру үшін:
1) порталға тіркелу керек,
2) грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту (халықтың осал тобына жататыны жатпайтындығы, бұрын сонды грант алғанба тексереді);
3) порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
4) өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қоюы керек.
2024 жылы грант екі лекте беріледі, 2024 жылдың сәуір айы (213 адам) және маусым (213 адам) айларында беріледі. Жалпы жоспар 426 адам. Бірінші лек 2024 жылдың 8 сәуірінен-18 сәуірге дейін өтінімдер айтып өткен порталда қабылданады.
Ұсынылған өтінімдер арнайы құрылған комиссияның алдында әрбір азамат бизнес жоспарын таныстырады. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылар кіреді.
Комиссия мүшелері бизнес жобаларының өміршендігі, экономикалық өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы қарап қорытынды шығара отырып, хаттама түзеді.
Грант иегерлеріне қойылатын біршама талаптар бар олар:
- жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкерге беріледі;
- үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы;
— грант иегері ұтқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті;
— business.enbek.kz порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай бойы тоқсан сайын растап есебін тапсырады.
Грант алушыға қаражаттың нысанылы мақсатты пайдалану бойынша еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Қаражат мақсатсыз жұмсалған жағдайда қаражат толық қайтаруға жатады.
Сонымен қатар айта кететін жағдай грант қаражаты Тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және жер учаскелерін сатып алуға берілмейді.
