РУС ENG
4 ноября, 2026

Қайтарымсыз грант қаржысы азаматтарға бір рет ғана беріледі. Оның нысаналы мақсаты бойынша – қажетті еңбек құралдарын сатып алуға және технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттер, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға жұмсалуы тиіс.

Қайтарымсыз грант 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге).
Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар бірінші кезекте – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарамды.
Екіншіден – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс.
Өтінім беру үшін:
1) порталға тіркелу керек,
2) грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту (халықтың осал тобына жататыны жатпайтындығы, бұрын сонды грант алғанба тексереді);
3) порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу қажет;
4) өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қоюы керек.

Шымкент қаласының әкімдігі
#RSK #RSK_SHYMKENT
Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі