Шымкент: 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 млрд теңгеге жетеді деп болжануда
Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 885 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 20 – ірі, 49 – орта және 816 – шағын өндірістер.
2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 250,6 млрд. теңгені (2023 ж. 3 айы – 234,2 млрд. тг.) құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ — 102,7%) 4,3%-ға артты.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі өңдеу өнеркәсібінің 3,9%-ға, кен өндіру өнеркәсібінің 92,8%-ға, электр мен газбен жабдықтау 11%-ға және сумен жабдықтау салаларының 6,3%-ға артуы есебінен қалыптасты.
2023 жылы қалыптасқан өсу тенденциясын есепке ала, 2024 жылы өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемі 1 107,5 млрд теңгеге жетеді деп болжануда.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2024 жылға жалпы 7 нысаналы индикатор белгіленген: Өңірлік 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында 7 нысаналы индикатордың 2024 жылғы 3 айдың қорытындысымен орындалуы келесідей.
- Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2024 ж. 3 айында 206,2 млрд теңгені құрады. (Жылдық жоспар – 825 млрд. тг.).
- Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемінің жоспары 80 мың тонна болса, а.ж. 2 айында нақты 9,2 мың тоннаны құрады.
- Негізгі капиталға инвестицияларының көлемі 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 6,9 есеге өсті. (Жылдық жоспар — 169%).
4.«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» индикатор бойынша 2024 жылы 1 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
- Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 2023 жылғы 9 айдың қорытындысымен 9,2 пайызды құрады. (Жылдық жоспар – 10,5%). Индикатордың статистикалық деректері тоқсан сайын жарияланады және бір тоқсан кешігіп жүреді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 2024 жылдың 15 сәуірінде жарияланады.
- Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2024 жылдың 1 тоқсанында 150 бірлікті құрады. (Жылдық жоспар – 257 бірлік).
7.Цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеуші өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесі бойынша жылдық жоспар 13,3 пайыз болып белгіленген. Бұл көрсеткіштің статистикалық деректері кешігіп жария етіледі (Стат.деректер жылына 1 рет, яғни, 2024 жылдың деректері 2025 жылдың мамыр айында жарияланады).
