Скрининг жүргізудің басты мақсаты – қоғамдық денсаулықты сақтау
Скрининг (ағылшын сөзі. скрининг — «іріктеу, сұрыптау») — клиникалық асимптоматикалық тұлғалардағы ауруларды анықтауға бағытталған. Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады.
Скрининг жүргізудің басты мақсаты – қоғамдық денсаулықты сақтау. Скринингтен өту әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Жұмыс беруші тарап қызметкерлерінің скринингтен өтуі үшін барлық жағдайды жасауға, олардың тексерілуден асықпай өтуі үшін жұмыстан босатуға міндетті. Бұл туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде айтылған.
Жатыр мойны обырын скринингтен 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтуі керек. Скринингтік тексеру оң нәтижелі болуы үшін, СБР және ЖМР скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтардың 90 пайызын қамтуы, ал КРР 70 пайыздан төмен болмауы тиіс. Атап айтқанда: Сүт безі рагіне 40-70 жас аралығында, әр екі жылда ; Жатыр мойны рагіне 30-70 жас аралығында, әр төрт жылда; Колоректальды рагіне 50-70 жас аралығында, әр екі жылда.
Скринингтерден тексеруде қарастырылған белгілі бір жас тобына кіретіндер өтеді. Мәселен, жатыр мойны обырын скринингтен 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтуі керек. Егер осы жылы науқас скринингтен өту үшін тізімге енгізілсе, учаскелік медбике оны скринингке шақырып, тексеруге қалай дайындалу керектігін айтады.
Шымкент қаласында өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық жағдайы 7% ға өскен. Скринингтік тексерулердің нәтижелері: 2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 124,9 – 1506 жағдайды құрады (2022 жылдың 12 айында – 100 мың тұрғынға шаққанда 116,4, 1357 жағдай), сырқаттанушылықтың 7% — ға өсуі.
Қатерлі ісік құрылымында сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында (14,3%.); екіншісінде – өкпе обыры (8,5%), үшіншісінде – колоректальды Обыр (7,9%); төртіншісінде – асқазан обыры (7,6%); бесінші орында – жатыр мойны обыры (6,6%).
ҚР бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың құрылымы: бірінші орын — сүт безі обыры (13,3%, 5 507 сл.), екіншісі – колоректальды қатерлі ісік (9,5%, 3 939 сл.), үшіншісі – өкпе обыры (9,3%, 3 872 сл.), төртінші-асқазан обыры (6,9%, 2 874 сл.), бесінші – жатыр мойны обыры (4,9%, 2 035 сл.).
