РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға арналған арендалық бағытта 900 пәтер берілмек

2024 жылы  Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 364 пәтерді сатып алу бойынша  соңына қаржы қаралып, аталған көрсеткішті  1000 пәтерге жеткізу жоспарлануда. Тұрғын үйлердің   құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің  коммуналдық  тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, оның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтермен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға арналған арендалық бағытта 900 пәтер берілмек және 2274 пәтермен  кредиттік негізде 2-10-20, 5-10-20 бағыттары бойынша  азаматтар баспанамен қамтылатын болады.

Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400 азаматты несиелендіру көзделуде. Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн. теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме-6%, бастапқы жарна 10%, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін.

Тұрғын үйді бастапқы нарықтан ғана алу мүмкіндігі қаралған.

2024 жылға 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланған, ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталып, бүгінгі таңға 215 азаматқа 197,7 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді. Оның ішінде: 1,2 — топ мүгедектігі бар азаматтар — 75; толық емес отбасылар -16; мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар — 48; бюджеттік мекеме қызметкерлері — 39; көпбалалы отбасылар — 31; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 6.

Айта кету керек, 2023 жылы қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертифаттары төлем қабілеттілігін растаған           148 азаматқа жалпы сомасы 129,7 млн. тг. берілді.

Шымкент қаласы бойынша 2024 жылы   2430 отбасының  тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады.

Төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. 2023 жылы тексеру жұмыстарының нәтижесінде, 2023 жылы 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.