Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 015 азамат тіркелген
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 015 азамат тіркелген, оның ішінде:
— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 1915;
— көпбалалы отбасылар 13 982;
— халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 702;
— мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 17 381;
— жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 22.
Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында: сатып алу құқығынсыз арендалық 1687 пәтер беру жоспарланып, оның ішінде 1407-і пәтер табысталды. Оның ішінде: жұмысшы жастарға жастарға -888 пәтер, жетім балалар – 122, көпбалалы отбасылар – 131, әлеуметтік осал топ – 160, мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер-106 берілді. Қалған 280 пәтер 2024 жылға өтпелі (96 пәтері қоныстандырылды, 184 пәтері алдағы уақытта қоныстандырылады). Ал, несиелік бағытта (2-10-20, 5-10-20, 5-20-25) жалпы құны 20,7 млрд.тг құрайтын 1758 пәтер жоспарланып, 1514-і (16,1 млрд.тг) қоныстандырылды. Қалған 244 пәтер қоныстандырылуда. Бұдан бөлек 150 отбасы «Қамқор» өңірлік бағдарламасы арқылы несиелік негізде баспаналы болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына аясында, жергілікті бюджет есебінен қайтарымды қаржы негізінде 16 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңғырту бағдарламасы қала әкімінің 06.03.2024 жылғы №923 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының құрылыс басқармасына өтті. Сонымен қатар, 2023 жылы тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі 21 коммуналдық меншіктегі үйлер және 3 жедел саты ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, қабылдау актісімен қабылданды.
2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 364 пәтерді сатып алу бойынша соңына қаржы қаралып, аталған көрсеткішті 1000 пәтерге жеткізу жоспарлануда. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, оның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтермен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылатын болады.
