РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: Туристік саланы мемлекеттік қолдау шаралары

Қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады.

Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді.

Турбизнесті одан әрі ынталандыру мақсатында заңнамалық деңгейде саланы қалпына келтіруге және одан әрі дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары                     2022 жылы қабылданған болатын. Оның ішінде:

— туристік объектілерді салу және реконструкциялау кезінде жеке бизнестің шығындарын инвестиция сомасынан 10% — ға дейін өтеу; (ендігі жылы 10 туристік қонақ үй құжаттарын әзірлеуде.)

— туристік санаттағы көлік құралдарын сатып алу кезінде туроператорлар мен турагенттіктердің шығындарының 25%-ын өтеу; (ендігі жылы 4 туристік оператор құжаттарын әзірлеуде.)

— жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының  10% — ын өтеу; (ендігі жылы 1 туристік қонақ үй құжаттарын әзірлеуде).

— санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға 83 300 тг мөлшерінде шығындарды өтеу; (ендігі жылы 14 санитарлық – гигиеналық тораптарын жеке кәсіпкерлер субсидия алады).

Туроператорлық қызметке лицензия беру қызметіне қатысты келесі жұмыстар жүргізілген.

Аталған мемлекеттік қолдау шаралары туризм индустриясының және сала кәсіпкерлерінің тез қалпына келуіне жағымды әсер ететініне сенемін.

Жалпы басқарманың жоспарына сәйкес,  Шымкент қаласында 2024 жылы туризм саласын дамытудың концепциясы әзірлеуді жоспарлануда. Сонымен қоса аталған концепция Сайрам тұрғын алабының нысандарын да қамтитын болады.

Сыртқы байланыстарға келсек: 1) халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған іс-шараларды жоспарлау және іске асыру; 2) халықаралық қатынастарды ары қарай дамыту мақсатында ұсыныстар енгізу; 3) Шымкент қаласы әкімдігінде шетелдік делегациямен, дипломатиялық корпустың басшыларымен, халықаралық ұйымдар өкілдерімен өтетін кездесулерге қажетті ақпараттық құжаттар мен стратегиялық талдаулардың толық пакетін дайындау және қадағалау;     4) жақын және алыс шетелдермен өзара ынтымақтастық орнату бойынша екіжақты келісімдер, хаттамалар мен ынтымақтастық меморандум жобаларын жасау жоспарланған.

Сыртқы байланыстарды дамыту бойынша қала әкімдігі ғимаратында 10 – аса делегациямен кездесу ұйымдастырылды.Оның ішінде: Қытай, Ресей, Бельгия және Франция елшіліктері бар.