Оңтүстік өңіріне зиярат ету туризмі Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабынан бастау алады
Оңтүстік өңіріне зиярат ету туризмі Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабынан бастау алады.
Сайрам тұрғын алабында республикалық маңызы бар Қазақстанның Сакралды географиясына енгізілген 7 киелі нысан орналасқан. Басқарманың басты стандартарының бірі, Қ.А. Ясауи кесенесіне бармай тұрып, ең бірінші Сайрамдағы орналасқан оның ата-анасы «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелеріне бару қажет, содан кейін ұстазына және Түркістандағы Қ.А. Ясауи кесенеге бару турларын ұлғайтуда.
Сондай-ақ, 2021 жылы жергілікті меценат есебінен Хызыр Пайғамбар мұнарасына 15,0 млн.тг. қаржыға абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2024 жылы Сайрам тұрғын алабын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Аталған жоспарға сәйкес Қаратау ауданы әкімдігімен 2024-25 жылдар аралығында жылына 80 000 нан аса зияратшы келетін нысандар Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін 1 – этаппен абаттандыру көзделген. Қазіргі таңда тиісті министрліктен ғылыми – зерттеу жұмыстарын ерте жүргізу мәселесі пысықталуда.
Шымкент қаласының туристік маңызы өте зор: инфрақұрылымы дамыған, Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі торап болып табылады. Осы орайда, Шымкенттің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін туристік тірек орталығына айналуына барлық мүмкіндіктері бар. Бүгінде қала аумағында 144 орналастыру орны, 25 әлеуметтік және мәдени нысан, 23 демалыс орны, 72 спорт орталықтары, 10 саябақ, 7 республикалық сакралды нысан, 3 326 тамақтану орындары, 150-ден астам туристік нысандар орналасқан.
Оңтүстіктің туризмі – Шымкент қаласынан бастау алса, туристеріміз Шымкент қаласынан саяхатын бастаса, бұдан бөлек жақын өңірлерге де барады. Бүгінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында заманауи брендтегі қонақ үйлер, бутик отельдер мен хостелдер туристерге қызмет жасайды.
Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді. Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып, халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде көп мемлекеттер аталмыш салаға баса назар аударуда. Міне, сондықтан, Қазақстан туризм саласын дамытуға ерекше назар аударып, еліміздің туристік әлеуетін қуаттандыру үшін нақты шараларды жүзеге асыруға тырысуда.
