Шымкент: жыл соңына дейін жалпы келген туристер санын 450 мың адамнан асыру жоспарлануда
Шымкент қаласының туристік маңызы өте зор: инфрақұрылымы дамыған, Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі торап болып табылады.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 4 индикаторлық көрсеткіш бекітілді. Ағымдағы жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін жалпы келген туристер санын 450 мың адамнан асыру жоспарлануда.
Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде Астана, Алматы қалаларымен Ақмола облысынан кейін 4 орынды иемденіп отырмыз. Қазіргі таңда 12 айлық статситикалық есептік көрсеткіш бойынша қала аумағына 420 398 турист келген.
2024 жылы Шымкент қаласы аумағында туризм саласы бойынша жеке инвестиция көлемі 6,2 млрд теңгені құрайтын 6 жоба (түрлі санаттағы қонақ үйлер) іске қосылуы жоспарлануда. Орташа есеппен 125 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы қонақ үйлердегі төсек-орын саны 365-ті құрайды. Олар: «Kazakh Hotel» «Керемет, «Алтай», «Zhamal Hotel Shymkent», «Zeinnur-Tau» және Б/Н қонақ үйлері. Аталған жобалар қаланың тартымдылығын арттырып, жаңа туристік бағыттардың ашылуына әсер етеді.
Сонымен қоса, 2024 жылдың басынан бастап Шымкент қаласы бойынша 2 ауқымды танымдық-ақпарттық экскурсиялар өткізілді. Индонезия елінің NET-телеканалының делегациясына; Мәскеу қаласынан келген туристерге (1 ауқымды) құралған қонақтар тобы. Ақпараттық дүңгіршектер 2024 жыл басынан: Ақпараттық көмек көрсетілген туристер мен қала тұрғындарының саны – 300 жуық адамға қызмет көрсетті.
Ақпараттық турлар мен жәрмеңкелерге келсек, Өзбекстан Республикасы Ташкент қ. 21-22 ақпан күндері «VII Өзбекстан гидтерінің форумы». Өңірлердің тартымды бейнесін құру мақсатында 25 гид-экскурсоводтан құралған делегациямен бірге Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында іс-сапар өтті. Іс-сапар барысында халықаралық туристік нарықты ілгерілету мәселелерін талқылау, гид-экскурсоводтардың туристерге қызмет көрсету саласының дамуына үлес қосу, қалалық туризмді дамыту барысындағы жаңа методикалары талқыланды.
Түркия Республикасы Стамбул қ. 6-9 ақпан күндері ««EMITT ISTANBUL» » халықаралық туристік көрмесі. 2024 жылдың 6-9 ақпан аралығында Стамбул қаласында өткен 27-ші «EMITT 2024» халықаралық туризм және саяхат көрмесіне қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген 70-тен астам сарапшылар және 30 түрлі жетекші ұйымдармен кездесуге мүмкіндік туды.
