РУС ENG
4 ноября, 2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МАҢЫЗЫ ӨТЕ ЗОР

Шымкент қаласының туристік маңызы өте зор:  инфрақұрылымы дамыған, Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі торап  болып табылады.

Осы орайда, Шымкенттің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін туристік тірек орталығына айналуына барлық мүмкіндіктері бар.

Бүгінде қала аумағында 144 орналастыру орны,  25 әлеуметтік және мәдени нысан, 23 демалыс орны,  72 спорт орталықтары, 10 саябақ, 7 республикалық сакралды нысан, 3 326 тамақтану орындары, 150-ден астам туристік нысандар орналасқан.

Туристік нысандарды түркістан облысымен салыстырмалы түрде анализ жүргіземіз. Оңтүстіктің туризмі – Шымкент қаласынан бастау алса, туристеріміз Шымкент қаласынан саяхатын бастаса, бұдан бөлек жақын өңірлерге де барады.

Бүгінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында заманауи брендтегі қонақ үйлер, бутик отельдер мен хостелдер туристерге қызмет жасайды.

Туризмді дамытудағы басты талаптардың бірі – көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, жаңа рейстер ашылды. Олар: Солтүстік Қазақстан бағытында: Қостанай-Павлодар; Батыс Қазақстан бағытында: Атырау, Ақтөбе, Ақтау; Шығыс Қазақстан бағытында: Өскемен, Семей; Орталық Қазақстан бағытында: Жезқазған, Қарағанды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Джидда, Медина, Дубай, Пхукет бағыттары бойынша чартерлік рейстер орындалады.

Алдағы уақытта Шымкент қаласының туристік ақпараттық киосктары Темір жол ішінде және Жаңа әуе терминалында туристік киоск островок орналасатын болады.

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 4 индикаторлық көрсеткіш бекітілді. Ағымдағы жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін жалпы келген туристер санын 450 мың адамнан асыру жоспарлануда.

Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде Астана, Алматы қалаларымен Ақмола облысынан кейін 4 орынды иемденіп отырмыз. Қазіргі таңда 12 айлық статситикалық есептік көрсеткіш бойынша қала аумағына 420 398 турист келген.