РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: жастарға жеңілдетілген көлемде 2,5% шағын несие беру жұмыстары бойынша 2024 жылға 273 адамға 1365 млн теңге бөлінген

Бүгінде мемлекет тарапынан жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау білдіру мақсатында жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілуде. Бекітілген ережеге сәйкес, аталмыш бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатысады алады. Сондай-ақ, шағын несиені алуға ниетті азаматтар жеке кәсіпкер ретінде танылған болса тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап жастарға жеңілдетілген көлемде 2,5% шағын несие беру жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы 261 адамға 5,0 млн теңгеге дейін 1305,0 млн теңге бөлініп, нақты 263 адам алды. Осы бағытта 2024 жылы 273 адамға 1365,0 млн теңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігінің арасында келісім шарт түзу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылдың осы кезенімен салыстырғанда отбасы саны 31,7% азайып, 6443  отбасыны құрады. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда -31,3% төмендеген.

Сондай-ақ, халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда. Грант мөлшері 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге).

Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар: Бірінші кезекте: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарайды; Екіншіден: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс. Өтінім беру үшін:1) порталға тіркелу керек, 2) грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту (халықтың осал тобына жататыны жатпайтындығы, бұрын сонды грант алғанба тексереді); 3) порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу; 4) өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қоюы керек.