РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 4 176 адамды қатыстыру көзделген

Қолға алған кәсіптің табысты болуы – қаржылық құралдардың қолжетімділігі, нарықтың жан-жақты зерттелуі, іс-әрекет жоспарының нақтылануына ғана емес, кәсіпкердің осы салада білімінің болуына тікелей тәуелді. Бизнес саласындағы заңнаманы білу, бухгалтерлік есеп-қисап жүргізе алу, саладағы өзгерістерді, жаңалықты сезіну, маркетингтік зеттеу жүргізу – бүгінгі заманның қойып отырған талабы. Жаңадан іс бастап жатқан адам алғашқы уақыттарда осының барлығын өзі жүргізуі керек болады. Сондықтан «Бизнестің жол картасы –2020» бағдарламасының негізгі бағытының бірі – кәсіпкерлік негіздерін оқытуға бағытталған. Өйткені жеңілдетілген несие бөліп, пайызының жартысын субцидиялап, мемлекеттік кепілдік берер кезде кәсіпкердің бұл салада білімі болмауы істің алға жылжуына үлкен кедергі.

Шымкент қаласында кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 4 176 адамды қатыстыру көзделсе, оның ішінде  3 750 адам «Бастау Бизнес» жобасы  шеңберінде оқуға жолданып, 426 адамға қайтарымсыз грант беру көзделіп отыр. Есепті кезеңде  882 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алып, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырды.

Қажетті бизнес-идеяны таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, салықтарды түсіну, сатуды жолға қою – мұның бәрі кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерге қиын шаруа. Кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасы бизнес бастауға көмектеседі. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни  жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады.  Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда. Олар: атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар. Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі.