РУС ENG
4 ноября, 2026

Шымкент: қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағыт бойынша биыл 3 732 адамды кәсіптік оқуға қатыстыру жоспарланған

Халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әл-ауқатын арттыру — әлеуметтік саланың басты мақсаты  екені өздеріңізге белгілі. Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу болып табылады. 

Осы ретте, Шымкент қаласында 2024 жылы 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Халықтың табысты да тұрақты жұмыспен көбірек қамтылуы қоғам орнықтылығының аса маңызды шарттарының бірі болып есептеледі, мұның өзі елдегі экономикалық және әлеуметтік ахуалға айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді. Әр адамның әл-ауқатын арттыруда атқаратын аса маңызды рөлі туралы айтылғанның өзінде, жұмыспен қамту кәсіптік машықтарды кеңейтіп, ұштай түсуге мүмкіндік береді, халықтың барлық санаттарының өзін-өзі көрсете білуіне жол ашады және түптеп келгенде өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді, яғни көптеген неғұрлым ауқымды міндеттерді шешудің кепілі болып табылады.

Халықты жұмыспен қамту шараларына қатыстырудың тағы бір тетігі  – қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Бұл бағыт бойынша биыл  3 732 адамды кәсіптік оқуға қатыстыру жоспарланған.  Оның ішінде, 2 530 адам онлайн оқыту болса, есепті кезеңде  нақты 602 адам қатысты. 1 110 адам жұмыс берушілердің сұранысы және жұмыс берушілердің өзінде ұйымдастырылатын жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуға жолданып, 92 адам оқу ваучері бойынша ұйымдастырылады.

Жоғарыда айтып өткендей биыл қалада 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған.  2024 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындысымен 12,2 мың адам қатысып жоспар 22%  орындалды.  Оның ішінде: 30,2 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, нақты 9,2 мың адам қатысты; 26,4 мың адамды  жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, нақты 3,0 мың жұмыс орны құрылып, азаматтар жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 273 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген шағын несие беріледі.