ШЫМКЕНТТЕ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕР МЕН КӨГАЛДАР АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕЛЕР АРҚЫЛЫ СУҒАРЫЛАДЫ
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ә.Оңғар айтты.
«2023 жылы қала аумағындағы жасыл желектер мен көгалдарды суғару мәселесін шешу мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 111 су ұңғымасы қазылып автоматты суғару жүйелері жүргізіліп, сорғы құрылғылары орнатылды. Сондай-ақ, мердігер мекемелермен күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 2023 жылы 51 348 дана жай жапырақты, 9 586 дана қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. Отырғызылған ағаш көшеттерінің биіктігі бойынша жай жапырақты ағаш көшеттері 3,5-4 метр құраса, ал қылқан жапырақты ағаш көшеттерінің биіктігі 2-2,5 метрді құрайды»,- деді спикер.
Бүгінде Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар.
Көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мемлекеттік-жекеше әріптес атқаруда.
Қысқы маусымға мемлекеттік-жекешелік әріптес тарапынан 155 арнайы техникасы жұмылдырылды. 2022 жылмен салыстырғанда қар күреуге арналған техникалар саны 87 данаға көбейді. Жалпы инертті материалдар қорына келер болсақ, 31594 текше метр құм, 6690 тонна тұз әзірленіп, қаланың тазалық жұмыстарына жауапты жекеше әріптестердің базаларына жеткізілді. Бүгінде арнайы техникалардың қар күреу жұмыстары бойынша әр ауданда қар күреу бағыттары әзірленіп, бекітілді.
Шымкент қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 2/16-VIII шешiмiмен бекітілді. Жайлы үйлер-378 тг (адам), Жайлы емес үйлер-413 тг (адам), Заңды тұлғалар-2389 тг (м3). «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/35-VIII шешiмiмен толық өзгертулер енгізілді.
ҚР Экология кодексінің 365 бабына сәйкес Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бағдарламасына қаржы бөлініп, қазіргі уақытта бағдарлма толық әзірленді, бағдарлама 2 бағыттан тұрады: 1-Гис бағдарлама, 2-Нормативтік құқықтық акт. ҚР Экология кодексінің 367 бабына сәйкес, ҚТҚ нарығына конкурс өткізу мақсатында ҚТҚ тасымалдаушы мекемелер және аудан әкімдіктерімен жалпы 5 жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, қала аумағы 20 лотқа бөлініп, конкурс жобасы дайындалды. Қазіргі уақытта, ҚР Экология министірлігінің 06.11.2023 жылғы №302 бұйрығына сәйкес, конкурс өткізу жобасы пысықталуда.
2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы мүдделі жұртшылық өкілдерімен және қоғам белсенділерімен бірлесе 28.12.2023 жылы талқыланды.Қазіргі таңда, аталған жобаға ұсынылған ұсыныстар мен пікірлер бойынша пысықталуда.
